Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

02.09.2024
20:38
0
166
2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.
2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын.
3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Фото: Ақорда
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

05.07.2025
13:37
Тоқаевтан кейін кім келеді: Келесі президентке ...

05.07.2025
13:07
"Бұрын да сандырақтайтын". Төрт баласын суға ағ...

05.07.2025
11:03
Желіде Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылаған вид...

05.07.2025
10:13
"Анама дұрыс тамақ бермеді". Ер адам келінін ат...

05.07.2025
09:39
Оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу ...

04.07.2025
23:29
"Бумеранг міндетті түрде қайтып келеді": Әсет М...