ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕНІ ТАНУ
300
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми дәрежесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де танылады. Ол үшін ғалымдарға ұлттық растау рәсімінен өтудің қажеті болмайды. Бүгін Сенат депутаттары тиісті заңды ратификациялады. Бұл арқылы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары білім ордалары мен зерттеу институттары арасындағы ғылыми байланыс нығая түспек. Тек ғалымдар ғылыми дәрежесі үшін үстемеақы талап еткен жағдайда ғана ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, бүгін Сенатта Қырғызстанмен авиациялық іздеу және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: - Келісім екі мемлекеттің авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейді. Заң авиациялық оқиға туындаған жағдайда тараптардың бірлескен іс-қимылын, сондай-ақ, оқу-жаттығулар өткізу және ақпарат алмасудың жекелеген мәселелерін реттейді.
Алдағы уақытта бұл Келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Соңғы жаңалықтар
25.03.2026
17:12
Тегеран Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хам...
25.03.2026
16:44
Қазақстанда жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан ш...
25.03.2026
15:44
«Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым»: Рысб...
25.03.2026
14:31
Досаев президент әкімшілігіндегі лауазымынан бо...
25.03.2026
14:08
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Қазақс...
25.03.2026
13:27
Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі өзінен 20 жас ...