Маңғыстауда инспекцияға күзетшінің өлімін қайта зерттеу міндеттелді

21.09.2026 21:04 Қанат АЙБАР
Маңғыстауда инспекцияға күзетшінің өлімін қайта зерттеу міндеттелді
313
Ашық дереккөздердее

Сот күзетшінің өліміне қатысты жүргізілген алғашқы тергеп-тексеруді толық емес деп танып, Еңбек инспекциясына жаңа арнайы зерттеу жүргізуді жүктеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында АИТВ-ның (ВИЧ) алдын алу жөніндегі облыстық орталықта болған. Белгісіз біреу қан алу пунктіне баса-көктеп кірген соң, күзетші шу шыққан жаққа шыққан. Осы кезде шабуылшы оған темір бұйыммен соққы жасаған. Алған жарақаттарынан зардап шегуші ауруханада көз жұмды.

Бұған дейін Еңбек инспекциясының комиссиясы бұл оқиғаны еңбек қызметімен байланысы жоқ деп шешкен болатын. Арнайы актіде күзетшінің ұйықтап жатқаны, ал өлімге үшінші тұлғаның әрекеті себеп болғаны көрсетілген.

Алайда сот комиссияның бейнежазбалар мен қылмыстық іс материалдарын зерттемегенін, лауазымды тұлғалардан жауап алмағанын және комиссия құрамына АИТВ-ның алдын алу орталығы мен ЖШС өкілдерін қоспағанын анықтады.

Енді Еңбек инспекциясы қайтадан жан-жақты тергеп-тексеру жүргізуі тиіс. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий