ҚЫТАЙДАН ӘКЕЛІНЕТІН ТАУАРҒА САЛЫҚ САЛЫНАДЫ
594
Енді Қытайдан алып келе жатқан тауарыңыздың салмағы 25 келіден асып кетсе, келісіне 4 еуродан төлейсіз.
Сонымен қатар, қолыңыздағы жүктің құны 500 еуродан аспауы керек. Өзгеріс Еуразиялық одаққа мүше емес мемлекетпен екі арада, жүріп-тұратын азаматтарға қатысты қолданылады. Бұрын, 2022 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен бұл талап жұм-сарып, құны 1000 еуроға жетпейтін тауарды тегін алып өтуге рұқсат берілді.
Яғни, жеке қолданысқа арналған затты алып өткенде салық салынбайтын. Ал, сәуірдің бірінен бастап бұл меже қайтадан бұрынғы деңгейге түсірілді. Сонымен қатар, пошта арқылы жіберілетін заттың құны 200 еуродан қымбат болмағаны шарт. Ал, салмағы 31 келіден жеңіл болуы қажет. Дархан Нұрланов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы: - Ресейден Қазақстанға тауар алып өткенде ешқандай баж, ешқандай төлемдер төленбейді. Өйткені, бұл одақ мемлекет. Ал мысал үшін, үшінші мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына кірген жағдайда осы норма қолданылады. Мысалы, айталық, Еуропадан Белоруссияға кірген кезде осы 107-ші норма қолданылады.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...