«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»: «Жаңа адамдар» тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созды
641
Бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, қарапайым қазақстандықтар билікке көмектесіп, су тасқынының салдарын жоюға өз үлестерін қосуда.
Табиғат апаттары Қазақстанның көптеген аймақтарын шарпыды. Биылғы су тасқыны соңғы 30 жылдағы ең ірі деп саналды. Ол 2012 және 2017 жылдардағы табиғи апаттардың ауқымынан асып түсті. Үлкен су тек ауылдар мен қалаларды ғана емес, тас жолдарды да шайып өтті
Су тасқыны мәселесі бүкіл елді сөзсіз біріктірді. Бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, қарапайым қазақстандықтар билікке көмектесіп, су тасқынының салдарын жоюға өз үлестерін қосуда. "Жаңа Адамдар" да зардап шеккендерге көмектесу жолындағы ортақ іске өз үлесін қосты. Бүгін біз Көкшетауда тасқын судан зардап шегіп қиын жағдайда тұрып жатқан 30 отбасыға гуманитарлық көмек көрсеттік.
Сіздерде де дәл қазір қиналып жатқандарға көмектесуге мүмкіндік бар. Адамдарға азық-түлік пен жеке гигиена құралдарынан басқа көрпе мен жастық, жылытқыштар, аяқ киім және кішкентай балаларға арналған бұйымдар қажет. Жақын жердегі гуманитарлық көмек жинау пунктіне хабарласыңыз және дәл қазір қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын созыңыз.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...
11.09.2026
19:13
Астанада қайтыс болған адамның ағзалары үш науқ...
11.09.2026
18:13
“Ақ туфлимен мектепке бару мұң болды”: Құлсарыд...
11.09.2026
18:08
Тоқаевтың 2005 жылғы сұхбаты жарияланды, ол төң...