Жамбыл облысында депутат екі полиция қызметкерін соққыға жыққан
387
«Президентке хат» Telegram арнасында Жамбыл облысында депутаттың екі полиция қызметкерін соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды.
Кадрдан азаматтық киім киген ер адамның қызметтік киімдегі екі полиция қызметкерін ұрып, балағаттап жатқанын көруге болады.
«Жамбыл облысы, Меркі аудандық мәслихатының депутаты Тәуіржан Алтынбаев Тараз қалалық полиция басқармасының кезекшілікте жүрген екі қызметкерін соққыға жыққан. Депутаттың ықпалды байланыстарының кесірінен қылмыстық істі бір жыл бойы сотқа жіберу мүмкін болмағаны хабарланды», – делінген видеоның сипаттамасында.
Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 2023 жылы болғанын растады.
«Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Тараптар іс материалдарымен танысты. Қылмыстық іс құқықтық баға беру және одан әрі сотқа жолдау үшін айыптау қорытындысымен Тараз қаласының прокурорына жолданды, – делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...