Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару – Қалдыбек Құрманәлінің қызы
3039
SMARTNEWS.KZ-тің хабарлауынша, әлеуметтік желіде Әнару Құрманәлиева композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені туралы ақпарат тарады.
TikTok желісіндегі UlysPro парақшасы Жанқош Тұраров зорлады деген қыз Қалдыбек Құрманәлінің қызы екені туралы бейнежазба жариялаған.
Жанқош зорлады деп мәлімдеген Әнару Құрманәлі белгілі композитордың қызы. Оның әкесі белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі кезінде «Қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы – жезөкше» деп айтқаны үшін басы дауға қалған, - деп жазылды бейнежазбада.Белгілі болғандай Қалдыбек Құрманәлінің Ақмаржан Таубаевадан Әнасыл есімді ұлы мен Әнару есімді қызы бар. Әнару соңғы рет Жанқош екеуі 2024 жылдың 12 тамызында кездескенін айтқан еді. Боксшы оны күштеп зорлаған. Бұған дейін сазгер «әншілер балаларының кімнен екенін өздері білмейді» деген мәлімдеме жасап, жұртты шулатқан еді.
Кейбір әншілер бар, 4 баласы бар, төртеуінің кімнен екенін өзі де білмейді, ұмытып қалған. Мен ештеңе демес ем. Олар сахнада тұрып, махаббатқа, өнерге адалдық, отбасы құндылығы туралы айтады. Адамның бетінен ұят кеткеннен кейін айтыла береді екен, - деген-ді Қалдыбек Құрманәлі.
Соңғы жаңалықтар
03.03.2026
16:57
Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанға шақырды
03.03.2026
16:20
Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 800-ге жуы...
03.03.2026
15:25
Бір адамның мыңнан астам пәтері бар: Қазақстанд...
03.03.2026
14:30
Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандар саны артты
03.03.2026
14:03
Қазақстан АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыста қа...
03.03.2026
13:41
Дағдарысқа қарсы шешімдерден жүйелі реформаларғ...