Арсен Томский: Қазір мен үшін неке жүзігінен қымбат ешнәрсе жоқ

05.10.2026 • 20:39 Томирис САҒЫНДЫҚ
Арсен Томский: Қазір мен үшін неке жүзігінен қымбат ешнәрсе жоқ
119
фото: instagram.com/arsentomsky

Халықаралық inDrive компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский заманауи бизнес пен IT-индустриядағы жетістіктің негізгі көрсеткіші қаржылық активтер емес, қоғамға тигізетін пайда мен оң өзгерістер екенін атап өтті. Танымал кәсіпкердің айтуынша, технологиялық жобалардың басты миссиясы — капитал жинау емес, жаһандық ауқымды әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру. Осылайша ол бизнес пен жеке құндылықтардың өзара байланысы туралы пайымын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Forbes Kazakhstan каналына берген сұқбатында айтты. 

«Бұл, білесіз бе, менің еш жерде тұрақтап қалмағаныма байланысты емес, керісінше, өмірдегі шынайы табыс — бұл шоттағы ақшаның сомасы немесе жылжымайтын мүліктің көлемі емес, әлемге тигізген ықпалыңның дәрежесі деп есептейтінімде. Мен осы ықпалға қол жеткізуге, әлемге қатты әсер ететіндей жүйе құруға тырысамын», — деді Арсен Томский.

Маман материалдық ресурстарды жинақтаудан гөрі, адами қарым-қатынастар мен маңызды өмірлік кезеңдерді ерекше бағалайтынын айтады. 

«Қазіргі уақытта ең қымбат затыма келетін болсақ — ол енді ноутбук емес. Енді бұл — неке жүзігі, ол ноутбуктен қымбатырақ тұрады, бірақ тым қатты қымбат та емес. Бұл — мен үшін өмірдегі шынымен маңызды оқиға екенін атап өту үшін шығар. Білесіз бе, IT маманы ретінде ақшаға ешқашан өте үлкен мән берген емеспін. Мен үшін әрқашан шынайы жоғары маңызға ие бірдеңе жасау әлдеқайда маңыздырақ болды», — деді Арсен Томский.

Войдите, чтобы оставить комментарий