Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Аппаратының жетекшісі болып тағайындалды

05.10.2026 • 20:49 Қанат АЙБАР
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Аппаратының жетекшісі болып тағайындалды
120
Ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Марғұлан Топашұлы Аманбаев ведомство Аппаратының жетекшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Ұлытау облысы Жанаарқа ауданының Дружба ауылында дүниеге келген. Жезқазған тау-кен технологиялық институтын және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.

Еңбек жолы:

2000–2006 жж. — Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі №8 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы;

2005–2006 жж. — Астана қаласы Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы;

2006–2008 жж. — Астана қаласы Өртке қарсы қызмет департаменті Сарыарқа аудандық өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы;

2008–2012 жж. — Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы;

2012–2015 жж. — Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы;

2015–2016 жж. — Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы;

2016–2020 жж. — Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары;

2020–2023 жж. — Ақтөбе облысы ТЖД бастығы;

2023–2024 жж. — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

2024 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін ол Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымын атқарып келді.

Войдите, чтобы оставить комментарий