Жастардың 70%-ы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі - акушер-гинеколог
1334
Қазақстандағы жыныстық сауат мәселесіне қатысты форумда акушер-гинеколог Айжан Төреханова жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша қай аймақтың көш бастағанын айтты.
Жастар үлкендерге еліктеп, жыныстық өмірін ерте бастайды. Қорғану әдістері туралы білімнің аздығы да білінеді. Қазір жастардың 70%-ы алғашқы жыныстық қатынасқа 15 жасқа дейін түседі. Отбасы мен білім беру орындарында жыныстық тәрбие берілмеген соң дұрыс сақтанбай, жүкті екендерін кеш біледі, – деді акушер-гинеколог.Айжан Төреханова жасөспірімдер ондайда ата-ана мен өзгелердің сөзінен қорқып, өз мәселесімен жалғыз қалады деген пікірде.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2023 жылы 18 жасқа толмаған 2 105 қыз жүкті болды. Жүкті қыздар көбіне Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді. 18 жасқа толмай босанғандар саны – 1 420, – дейді ол.Фото: Алаш айнасының иллюстрациясы
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
11:19
Ертісте қайық апатынан кейін жоғалған азаматтың...
20.09.2026
10:20
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза ...
20.09.2026
09:16
Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында чемп...
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...