12 жасында ана атанған: зорлық көрсеткен туысы қазір жындыханада жатыр
610
Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Павлодар облысында 12 жасында ана атанған оқушыға қатысты тың мәлімет айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол мұндай оқиғаның сирек кездесетінін айрықша атап өтті.
«Павлодар облысындағы оқиға, яғни, 12 жастағы қыздың ана атанғаны сирек кездесетін жағдай. Шыны керек, бұл алаңдататын әрі байбалам салатын жағдай. Жағдайды мектептің ұстаздары байқаған. Олар белсенді түрде психологиялық, медициналық қызметті шақырып, тиісті әрекет етті. Қылмыстық іс қозғалды. Мектеп оқушысын өз үйінде кәмелетке толмаған жақын туысы 2023 жылдың қазанында зорлаған. Қазір кәмелетке толмаған күдікті психиатриялық ауруханада жатыр. Жағдайды балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылап отыр», - деді Оспанова.Ол сөзін жалғай отырып, мектеп оқушысы мектепте оқуын ары қарай жалғастырады.
«Әлбетте, ол білімін ары қарай жалғастыра береді. Оған тиісті психологиялық көмек көрсетіледі, әрі бұл іске педагогтер де атсалысады. Оқушылардың білім алуы Конституциямен қорғалған», - дейді ол.Айта кетейік, Павлодар облысы Шарбақты ауданында туысынан зорлық көрген мектеп оқушысы 12 жасында босанып, ана атанды.
Фото: istockphoto.com
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...