Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сынамақ

06.10.2026 • 17:25 Әсел МҰРАТ
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сынамақ
228
Фото: әлеуметтік желіден

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында 18-24 қазан аралығында өтетін V пара Азия ойындарында ел намысын қорғайды. Ұлттық құрама өкілі пара жеңіл атлетиканың 100 және 200 метрлік қашықтықтарында бақ сынайды, деп хабарлайды Politico.kz.

18 спорт түрінен 502 медаль жиынтығы сарапқа салынатын аталған кешенді сында Қазақстан сапынан 12 спорт бойынша 179 пара жеңіл атлет өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Сүлейменова биылғы тамыз айында «Әділет» партиясы атынан Құрылтайға сайланған. Ол депутаттық жауапкершілікті кәсіби спорттық мансабымен табысты үйлестіріп келеді. 2011 жылы жол апатында қос аяғынан айырылса да, қайсар мінез танытып, параспортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген 35 жастағы спортшы 2023 жылы «Шапағат» медалін иеленген.

Войдите, чтобы оставить комментарий