15 қытайлық компания Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге 300 млн теңге жіберді
409
Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің бас қауымдастығы су тасқыны салдарын жоюға және табиғи апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу үшін қаражат жинады.
Бүгінгі таңда қытайлық компаниялар жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгеге ақшалай қаражат бөлді, сондай-ақ арнайы техника, Отын және басқа да қажетті ресурстар түрінде гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлады Kazakh inves ҰҚ АҚ.
Нәтижесінде 15-тен астам қытайлық компания зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге қатысты. Өз кезегінде қауымдастық өкілдері бұл ұйым су тасқыны мен қалпына келтіру жұмыстарына белсенді қатысу үшін қытайлық компаниялармен тығыз жұмыс істейтінін айтты.«Мәселен, «PetroChina International Kazakhstan»және оның еншілес кәсіпорындары 100 миллион теңгеден астам қаражат аударды. «JAC» автоконцерні «Аллюрмен» бірлесіп 100 миллион теңге, ал «GEO-Jade Petroleum» Қытай мұнай - газ корпорациясының Қазақстандық филиалы 70 миллион теңге бөлді. Қытайлық «Сиань Айцзю»астық компаниясы «Солтүстік Қазақстан апаттарына көмек қорына» 3 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Қытай Ұлттық химиялық инженерлік корпорациясы мен «China Tianchen» компаниясы су тасқыны салдарын жоюға бірлесіп қатысып, 1,7 миллион теңге қайырымдылық жасады. Қазақстандық «JXC» компаниясы 1,8 миллион теңге сомаға мотор майын сыйға тартты», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
18:00
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді
24.03.2026
16:34
Ұлытау облысында Наурыз мейрамына «Қазақмыс» эт...
24.03.2026
16:11
«Үш адам көз жұмды»: Алматыда елді дүрліктірген...
24.03.2026
15:10
«Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды»: қаза...
24.03.2026
14:31
Ақмола облысында шахтада күзетші өлі табылды
24.03.2026
13:33
Тоқаев танымал қазақстандық альпинистке «Еңбек ...