Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызмет жүктелді
Қазақстанның белгілі композиторы Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы ақпарат Біржан Хасанғалиевтің Instagram парақшасында жарияланды.
Мәліметке сәйкес, жаңа қызметке тағайындау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті қабылдаған.
Біржан Ескендірұлының жаңа қызметке тағайындалуына байланысты әріптестері оған шығармашылық шабыт пен жұмысына сәттілік тіледі.
«Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз. Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!» – делінген құттықтау жазбасында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
22:23
Петропавлда колледж студенттері жаппай инфекция...
04.11.2026
21:15
«СК-Фармация» басшысы Денсаулық сақтау вице-мин...
04.11.2026
20:12
Астана әкімдігі алдында шу шықты: Жекеменшік ор...
04.11.2026
19:17
Екі оқушы да зорлық көрген: Павлодардағы мектеп...
04.11.2026
18:13
«Барни» үшін болған жанжал: 19 жастағы Мадинаны...
04.11.2026
17:20
Боқтық сөздері үшін алматылық сот алдында жауап...