16 мамыр Қазақстанда күн жаңбырлы болады
0
136
Қазгидромет мамандары 16 мамыр, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклоны және соған байланысқан атмосфералық фронттар әсер етеді.
Осылайша найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады.
Тек елімідің солтүстігінде жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыс пен орталықта тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта жел екпіні 30 м/с асады.
Түнде Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2-3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
02.11.2025
20:36
Жұманғарин TikTok өкілімен кездесті
02.11.2025
18:44
Досхан Жолжақсынов дінге қатысты мәлімдеме жасады
02.11.2025
17:35
Тағы бір әнші ажырасқан күйеуінен қорлық көрген...
02.11.2025
16:23
Әли Окапов: Роза Рымбаеваға сын айтуды доғарыңы...
02.11.2025
15:05
Динара Сәтжан Қайрат Нұртасқа баға берді
02.11.2025
14:06
"Басының төрттен бірі жоқ": Мөлдір Мұқанова Тұр...