20 жастағы Нұрбек Мысиевтің ремикстерін әлем мойындап жатыр
1215
Eternxlkz лақап атымен танылған Нұрбек Мысиевтің фонк стиліндегі әуендері желіде хит болып жатыр. Алайда трендке айналған тректердің авторы қазақстандық 20 жастағы жігіт екенін көптің бірі білсе, бірі білмейді.
Жас музыканттың шығармашылығына қатысты деректер Instagram-дағы парақшаға жарияланды.
Айта кетсек, 20 жастағы Нұрбек Мысиев Ақтөбе қаласында туған. Ол фонк стилінде электро-музыка жазумен айналысады. Ал жас музыканттың ремикстері әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Әсіресе, оның Slay, Brodyaga Funk және Enough ремикстері кеңінен танымал. Spotify-да Нұрбектің тректері 350 мыңнан аса тыңдалған және ай сайын 9 миллионнан аса адам тыңдайды. Одан бөлек, Slay ремиксі америкалық топ-чарт Billboard тізіміне енген.
Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Оның музыка саласында жүргеніне 7-8 жылға жуық уақыт болған.
Желі қолданушылары Нұрбектің шығармашылығына оң баға беріп жатыр. Олардың басым бөлігі әлемге танымал тректердің авторы қазақстандық жігіт екеніне таңданып отыр.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...
26.09.2026
11:27
Қазақстан чемпионатының жүлдегері еді: Ақтауда ...
26.09.2026
10:36
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Маңғыстау обл...
26.09.2026
10:28
Келісімнен өндіріске дейін: Қазақстанда жаңа өн...
26.09.2026
09:51
Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздардың жақы...
26.09.2026
09:08
Шалқардағы жасөспірім өлімі: 17 жастағы Алиханд...