Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздардың жақындарынан бас иіп кешірім сұрады

26.09.2026 • 09:51 Қарақат АСЫЛОВА
Қорғаныс министрі қаза болған сарбаздардың жақындарынан бас иіп кешірім сұрады
407
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде министрдің марқұмдардың туыстарымен кездесуі кезінде сөйлеген сөзі түсірілген видео тарады.

Дәурен Қосанов қаза болған сарбаздардың жақындарына көңіл айтып, басын иіп, болған жағдайға байланысты кешірім білдірді.

«Бұл қайғы тек сіздердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының қайғысы. Балаларыңызды қорғай алмағанымыз үшін кешірім сұраймыз», – деді министр.

Оның айтуынша, қаза тапқан әскери қызметшілер өздерінің әскери міндетін абыроймен атқарып, анттарына адал болған. Марқұмдардың барлығы мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

Министр қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті. Комиссия жұмыс нәтижесінде оқиғаның қалай болғанын анықтауы тиіс.

Сонымен қатар Дәурен Қосанов кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда олардың заң аясында жауапқа тартылатынын айтты.

Министр қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін және бұл мәселе оның жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий