«40 минут тірі жатқан»: Ақтауда бетіне оқ тиіп көз жұмған сарбаздың әкесі шындықты айтты
975
Маңғыстау облысындағы полигонда қаза тапқан сарбаздың әкесі дәрігерлерді «әрекетсіздік» танытты деп айыптап отыр.
Көз жұмған Марат Барқұловтың әкесі ұлының өліміне қатысты тың деректерді бөлісті. Видео TikTok желісінде Yertysbayev.live арнасында жарияланған.
Олар оны офицердің көлігіне тиеп, қалаға апарған. Оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алыпты. Осы жедел жәрдемде болған дәрігерлердің де жауапқа тартылуын қалаймын. Тек сөгіс емес, оларды жұмыстан шығару қажет. Жігіттер маған: "Ербол аға, олар келіп, не болды, ол кім, нешеде деп сұрады” деді. Яғни, олар ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Ал менің балам 30-40 минут қиналып жатқан. Оқ бетінен тиіп, басының артқы жағынан шыққан. Яғни, ми жұмыс істеп, бәрін түсініп жатқан. Оның қаншалықты қиналғанын елестете алмаймын", – дейді сарбаздың әкесі видеода.Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда бетіне оқ тиін қайтыс болған еді.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
00:58
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
25.09.2026
00:28
Allur, QazTehna, Agromash зауыттары қаза тапқан...
24.09.2026
23:27
Балалар үйінің тәрбиеленушісін қорқытып, ақшасы...
24.09.2026
23:21
Шалқардағы қанды төбелес: ауылдасын өлтірген ст...
24.09.2026
22:47
Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың ...
24.09.2026
22:17
Қанат Бозымбаев Каспийдегі қайғылы оқиға қатыст...