"6 айда екі қимасымнан айырылдым": Наркенже Серікбаеваның әсерлі жазбасы елді жылатты
1028
Қазақстандық танымал әнші Наркенже Серікбаева желіде аса әсерлі жазба жариялап, елді жылатты. Өнер иесі алты айда екі бірдей жақын адамынан айырылып қалғанын айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды,-деп хабарлайды politico.kz
Наркенже Серікбаева марқұм жақындарына деген сағынышын Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Өнер иесі бір жылда анасы мен күйеуінен айырылған еді. Шоу-бизнес өкілі өмірден өткен жақындарын сағынғанда олармен сырласа алмайтынына күйінді."Кенжегүл деген атымды жүк көтерер нардай болсын деп Наркенже деп атауында да мән бар-ау. Тағдырдың түрлі сынағынан өтіп келем. Күлдіреді, жылатады, құлатады, күн батады, таң атады. Өтіп жатқан өмір. Дөңгеленген дүние, дүниеге кім ие?! "Өмірден өткендерден бір хабар жоқ, жағдайы ана жақтың қандай екен?" деп осы термеде айтылғандай. 6 айда екі қимас адамдарымнан айрылдым. Ана жаққа барып келген ешкім жоқ қой. Дегенмен, кейде сағынғанда жағдайларын сұрағың келеді екен. Сырласқың келеді екен. Бұл термемен молдаларды сынағым жоқ, бірақ өзім түсінбейтін, білмейтін дүниелерді сұрағым келеді", - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
28.03.2026
17:39
Досаев пен Сағынтаевтың тұсында Алматыдағы құры...
28.03.2026
17:01
Жаңа Салық кодексіндегі ең даулы норма қайта қа...
28.03.2026
16:30
Ақтөбеде әріптесін пышықтап өлтірген теміржолшы...
28.03.2026
15:33
Алматыда автобуста қызды күштеп мойынан сүйгісі...
28.03.2026
14:16
Қостанайда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
28.03.2026
13:36
Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған ресейлік де...