Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

24.09.2026 18:29 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
447
Фото: Ақорда

Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айтуын хабарлап, өзі де қайғыға ортақтасатынын жеткізді.

«Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, оларға сабыр мен төзім тілеймін», деп жазды Ерлан Қарин.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Әскери қызметшілер Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. 9 адам қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Құтқарылғандардың бірі ауруханаға жатқызылған.

Оқиға орнына құтқару қызметтері жіберілген. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жалғасып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий