Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы белгілі болды
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшінің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында ем алып жатыр.
Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Дәрігерлердің бағалауынша, науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Қазіргі уақытта әскери қызметші медицина мамандарының тәулік бойы бақылауында.
Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Мамандар тиісті емдеу шараларын жалғастырып, оның денсаулық жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр.
Науқастың ем алу барысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...