Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады

Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады
Ашық дереккөз

Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының өкіміне сілтеме жасап Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілерге байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

Аза тұту күні ел бойынша қаза болған әскери қызметшілердің рухына тағзым етіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу