Әйгілі Ален Делон жеке поместьесінде 35 итінің жанына жерленеді
921
Әлемге әйгілі актер Ален Делон өз өсиеті бойынша, Франциядағы 35 иті көмілген жеке поместьесіне жерленеді, деп хабарлады politico.kz РБК порталына сілтеме жасап.
Француздық БАҚ жерлеу рәсімі апта ортасында, Souls коммунасында орналасқан Ален Делонның жеке поместьесінде өтетінін хабарлады. Рәсім құжатта жазылғандай, шағын шіркеуде «аса құпия жағдайда» өтуге тиіс. Өйткені актер көзі тірісінде оның жария болуын құптамаған. Ал жанкүйерлері мен әріптестері қатыса алатын қоштасу рәсімі кейінірек өтеді.
Еске сала кетсек, атақты француз актері Ален Делон 18 тамызда, 88 жасында дүниеден өткен еді. Оның дүние салғанын француз ақпарат құралдары хабарлады.
Ален Делон – 60-80-жылдары жарқырап шыққан театр және кино актері, сонымен қатар режиссер, продюсер және сценарист. Ол «Рокко және оның бауырлары», «Самурай», «Қаладағы екеу» фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында кең танылды. «Біздің оқиға» фильмі үшін «Сезар» сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті иегері атанды.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
20:26
Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың ту...
24.09.2026
19:59
Каспийдегі қайғылы оқиға: Үкіметтік комиссия Ма...
24.09.2026
19:31
Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы ...
24.09.2026
19:08
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні ...
24.09.2026
18:41
Дәрігерлер бас сүйегі бірігіп туған егізді сәтт...
24.09.2026
18:33
Алмат Сақатов: 5 мың адам намаз оқып жатқанда д...