Айтбек Амангелді Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге моральдық шығын талап еткен
0
309
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан қарындасының өлімі үшін 1,5 млрд теңге моральдық шығын талап еткен.
Сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, Нүкенованың ағасы материалдық шығынды 8,8 млн теңгеге бағалаған.
«Арыз берген адам қарындасынан айырылған соң өзі де, ата-анасы да қатты қайғырғандарын, сондықтан, денсаулықтары нашарлап, жұмысқа қабілетсіз болғандарын алға тартты. С.Нүкенованың ата-анасы үнемі қайғы-мұңға батып жүреді: осыдан барып, ұйықтамай, денсаулықтары нашарлап, ашу-ызаға беріліп, жандары ауырады. Денсаулықтарына байланысты үнемі емделеді. Арыз жазушы қарындасының өліміне қатысты сот кезінде адвокаттардың жүріп-тұруына, қонақ үйлеріне ақша төлеген. Бишімбаевтан 8 828 070 теңге көлемінде материалдық шығын және 1,5 млрд теңге көлемінде моральдық шығын талап етті», - деп жазылған сот кабинетіндегі құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 26 қыркүйек күні сот Салтанат Нүкенованың ағасына Бишімбаевтан жалпы сомасы 16 млн теңгеден асатын моральдық және материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарған болатын.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
29.10.2025
11:19
Жүсіп Ақшораның келіні қайын атасы туралы ел ес...
29.10.2025
10:39
Қайрат Нұртас Алматыдағы концертіне дайындаған ...
29.10.2025
10:12
"Көмгеніне дейін түсіріп тұрған ба?": әкесін же...
29.10.2025
09:56
Пәтер ұтып алу үшін Астанадағы сауда үйінде іш ...
29.10.2025
09:52
«Дуалап алды»: Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен ...
29.10.2025
09:50
Әйгерім Қалаубаева трендке айналған биін тойда ...