Шиеліде мектеп оқушысы ер адамға пышақпен шабуыл жасады
Қызылорда облысының Шиелі ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім жергілікті тұрғынға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.
Оқиға салдарынан жарақат алған ер адам полицияға жүгінген. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, соттың шешімімен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылды.
Полиция бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкілдерін бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға да жолданған.
Комиссия жасөспірімнің әрекетіне себеп болуы мүмкін жағдайларды қарап, қосымша шаралар қабылдау мәселесін шешеді.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
11:50
Назарбаевтың орнына Қонаев: елімізде жаңа петиц...
11.11.2026
11:35
Әкім кетті, орынбасары кетті: Атырауда тағы бір...
11.11.2026
11:16
Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
11.11.2026
11:09
«Қазақмыс» өндірісті жасанды интеллект арқылы б...
11.11.2026
11:05
"Неге олай жасадың?": ҚазҰУ жатақханасында қаза...
11.11.2026
10:59
Қазақстанда ғылымға бөлінген 51 млрд теңгенің қ...