Каспийдегі қайғылы жағдай: Қаза тапқан 14 сарбазға мемлекеттік награда берілді

27.09.2026 • 13:15 Қарақат АСЫЛОВА
Каспийдегі қайғылы жағдай: Қаза тапқан 14 сарбазға мемлекеттік награда берілді
249
Фото: gurk.kz

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, олар әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталған.

«Айбын» II дәрежелі Бауыржан Момышұлы ордені әскери бөлім командирі, взвод командирі Олжас Мұхтарұлына берілді.

Ал «Айбын» III дәрежелі Рахымжан Қошқарбаев орденімен 13 әскери қызметші марапатталды. Олардың қатарында:

  • Сержан Аяпберген – бөлімше командирі;
  • Дастан Бегей – аға матрос, аға атқыш;
  • Мейрамбек Бердіханов – бөлімше командирі;
  • Ақжайық Гилаж – матрос, гранатаатқыш;
  • Мансұр Ғұмаров – бөлімше командирі;
  • Олжас Диханбаев – бөлімше командирі;
  • Әсет Жаңабай – маман, көздеуші;
  • Алмас Көбенов – матрос, гранатаатқыш;
  • Азамат Мәдіхан – матрос, гранатаатқыш көмекшісі;
  • Өмірбек Өмірзақ – матрос, гранатаатқыш;
  • Жеңіс Темірғалиев – матрос, пулеметші көмекшісі;
  • Ақылбек Төлеген – аға матрос, аға атқыш;
  • Мирас Тұрдыбекұлы – матрос, атқыш.

Сонымен қатар Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші де мемлекеттік наградаға ие болды.

Оларға әскери борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалі табысталды. Медальмен Бекет Қуандық, Ақжол Темірхан және Никита Удалов марапатталды.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тауып, үш сарбаз аман қалғаны хабарланған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий