Қайыршы шалдың кейпіне енген Төреғалиді көшеде ел танымай қалды
688
Желіде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің видеосы тарап, көпшілікті таңғалдырды. Көшеге қайыршы шалдың кейпінде шығып, ел алдында ән салған өнер иесін халық танымай қалған,-деп хабарлайды politico.kz
Төреғали Төреәлінің аталмыш видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Бейнежазбада әншінің егде жастағы шалдың образында көшеде гитарамен ән салып тұрғанын көруге болады. Өнер иесінің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар бастапқыда оны танымай, артынан оның "Ұлы дала баласы" екенін түсінген. Видеода эстрада жұлдызы "Толқыным" атты әнін шырқаған. Ол өнер көрсеткені үшін көпшіліктен ақша сұрап, арнайы картасының нөмірін жазып қойған. Шоу-бизнес жұлдызының видеосы желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікірге ие болды. "Осы әртістер білгенін істейді", "Төрешті танымай қалдым. Ата болып кетіпті", "Төреғалиді танымау мүмкін емес", "Мейрамбек ағадан қайталап", "Ерке ақ Төреш", "Жұлдыз жұлдыз дей бермей, осындай қарапайым болу керек", "Шаршап кеткен ұлы дала баласы", "Шірене берсей осылай арасында жүріп көріңдер", - деп жазуда көпшілік.Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
11:55
«Аузы мен қолын бинтпен байлаған»: Алматыда жал...
02.10.2026
11:39
Тоқаев жасанды интеллектке жауапкершілікпен қар...
02.10.2026
11:12
Жеңілдетілген салықпен жұмыс істейтін бизнестің...
02.10.2026
11:11
«Қатты ауырғанымда ол кісі өзге үйде еді»: Жұл...
02.10.2026
10:47
Мәулен Әшімбаевқа аса жауапты қызмет бұйырды: О...
02.10.2026
10:39
Тоқаев тұсындағы жеті жыл: Berlin Today Қазақст...