«Қатты ауырғанымда ол кісі өзге үйде еді»: Жұлдыз Өмірғали ана мейіріміне зәру болғанын айтты

02.10.2026 • 11:11 Мөлдір ҚАЙНАР
«Қатты ауырғанымда  ол кісі өзге үйде еді»: Жұлдыз Өмірғали ана мейіріміне зәру болғанын айтты
1035
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали балалық шағындағы жан жарасын еске алып, тағы да ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол кішкентай кезінен ана махаббаты мен жылуын толық сезінбей өскен. Себебі оның анасының бөлек отбасы, басқа шаңырағы болғанға ұқсайды.

«Менің температурам 40 градус, ол кісі ана жақта, сонда ренжитінмін: “Мама, сен неге менің жанымда болғың келмейді? Менің тамағымды дайындап, шашымды өріп, сабаққа жібермейсің?” деп. Қазір түсінемін, әрине, ол кісінің ол жақта басқа отбасы бар, сөзі өтпеуі мүмкін», — деді әнші сұхбатында.

Алайда өнер иесінің бұл ағынан жарылған сыры желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Желідегілердің бір бөлігі оған жанашырлық білдірсе, енді бірі Жұлдыз Өмірғалидің өзін де кезінде отбасылы азаматпен байланысы арқылы өзге шаңырақтың шырқын бұзып, өзге балалардың өміріне қиындық туғызды деп айыптап, өткенін есіне салды.

Войдите, чтобы оставить комментарий