Алалаудың құрбаны болды деген Құрбанов та бір көлік мінді
6364
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы Skoda Kodiaq көлігін сыйға тартты.
Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз, - деді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.Өз кезегінде спортшы да оларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Отандық компанияның жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мені әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады, - деді Нариман Құрбанов.Еске сала кетсек, қазақстандықтар Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс жүлде алған Құрбановтың елеусіз қалғанына қынжылыс білдірген еді. Себебі күміс, қола медаль еншілеген өзге спортшылар Парижден елге орала салысымен кәсіпкерлер тарапынан бір-бір көлік мініп, сый-сияпатқа кенеліп жатқан болатын. Фото: Allur баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
17:14
«Моральдық қысым көрсетілген»: Көкшетау соты әк...
17.09.2026
17:04
Продюсер: "Айтуға оңай" ешкімнің өмірінен шоу ж...
17.09.2026
17:00
Зайсан көлінде қайық аударылды: суға кеткен бал...
17.09.2026
16:31
Айсәуле Бақытбек өгей әкесіне қымбат көлік тарт...
17.09.2026
16:26
Қазақстандық экс-министрдің ұлы жаңа қызметке т...
17.09.2026
16:21
Жамбыл облысында 5 млн теңге дауына іліккен екі...