Қазақстандық экс-министрдің ұлы жаңа қызметке тағайындалды

17.09.2026 16:26 Әсел МҰРАТ
Қазақстандық экс-министрдің ұлы жаңа қызметке тағайындалды
66
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бұрынғы ТЖМ басшысы Владимира Божконың ұлы Максим Божко Дүниежүзілік жұмыртқа ұйымының басқарма құрамына кірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Чиновник дереккөзінің мәліметінше, Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілі Максим Божко World Egg Organisation (WEO) ұйымының басқарма құрамына бес жыл мерзімге сайланды. Ол 80-нен астам елдің жұмыртқа өндірісі саласының өкілдерін біріктіретін халықаралық ұйымның басшылық органына енген Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

Божконың кандидатурасы Сингапурда өткен WEO Global Leadership Conference аясында қолдау тапты. Конференция барысында ол халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы құс шаруашылығының даму тәжірибесін таныстырды.

Қазақстан құс өсірушілер одағы WEO құрамында 8 жылдан бері бар. Ұйым өкілдерінің айтуынша, Қазақстан өкілінің басқарма құрамына сайлануы еліміздің халықаралық салалық қауымдастықпен ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді.

WEO-ға қатысу қазақстандық кәсіпорындарға халықаралық стандарттармен, технологиялық шешімдермен, ғылыми зерттеулермен және әлемдік нарықтың талдау материалдарымен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл отандық өнімнің экспортын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Максим Божко бұған қоса «Шаңырақ» компаниялар тобының бас директоры әрі тең иесі. Ол – 2007–2014 жылдары Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігін басқарған, кейін өзге де мемлекеттік қызметтер атқарған Владимир Божконың ұлы.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий