"Алла" жазуы шықты": Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде ғажайып құбылысқа куә болғанын айтты
840
Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев жаңа әніне бейнебаян түсіріп жатқанда аспаннан "Алла" жазуы көрінгенін айтты. Өнер иесі оны Instagram желісіндегі парақшасында көрсетті.
Жігер Ауыпбаевтың айтуынша, видео түсірілмей тұрып жазу тіпті анық көрінген. Ал әншінің өзі ешкімге үндемей, бірер минуттай қарап тұрған.
"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын. Біз мінеки, бейнебаян түсіріп жатырмыз. Сіздерге бір қызық көрсетейін. Қызық емес, Алланың кереметі. "Алла" деген жазу бұлтпен, оқи аласыздар ма?", - дейді Жігер Ауыпбаев видеода.
Өнер иесі аталған видеоны жазбамен толықтырды.
"Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр… Жаңа бейнебаян түсірілімі кезде осындай керемет құбылыс болды. Ешкімге үндемей, бірер минуттай қарап тұрып, шыдай алмай, видеоға түсіріп алдым. Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді.
Жұмыс барысында осындай құбылыс орын алған болса, бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут бұрын бұдан да анық жазылып тұрған еді", - деді ол.
Фото: instagram.com/ jiger_auypbaev_official
Соңғы жаңалықтар
29.03.2026
17:38
Сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері кө...
29.03.2026
16:26
«Айыппұл көп келеді»: Түркістанда бейнекамерала...
29.03.2026
15:25
Атырау маңынан дронға ұқсас бөлшектер табылды (...
29.03.2026
14:35
«Рахаттанып күле беріңіздер!»: Жеңілістен кейін...
29.03.2026
13:35
«Ешкіммен дауласқым келмейді»: Жанар Байсеміз д...
29.03.2026
12:28
Алматы тауларында жоғалған 5 оқушы табылды