Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік наградаға ұсынатынын айтты

Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік наградаға ұсынатынын айтты
Фото: Ақорда

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхаттары табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің жеделхаттарын Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және қоғам белсенділері қаза болған сарбаздардың жақындарына жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жеделхатында марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, оларға қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ қайғылы жағдайға кінәлілер заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы қаза болған әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын да мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу