Алматыда ерекше балалар арасында «Тең мүмкіндіктер әлемі – тең қоғам» атты байқау өтті
2024 жылғы 21 маусымда Алматы қаласының Alatau Creative Hub-та Қоғамдық даму орталығы бастамашы болған «Тең мүмкіндіктер әлемі – тең қоғам» атты маңызды шығармашылық мереке өтті.
Іс-шара ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған дарынды балалар мен олардың ата-аналарын қолдауға сонымен қатар қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
Көрмеде талантты балалар жасаған таңғажайып суреттер мен қолөнер бұйымдары ұсынылды. Қонақтарға «Үздік өлең орындау», «Үздік би өнері» және «Музыкалық шығармашылық» номинациялары бойынша номинанттардың қойылымдары ұсынылды.
Іс-шара қонақтарының арасында Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Серік Есматов пен Бекенова Гүлжан болды.
«Біз қатысушылардың шығармашылық әлеуетінің деңгейіне таң қалдық. Мереке барысында біз ерекше қажеттіліктері бар балалар жасаған көптеген таңғажайып жұмыстарды көрдік. Барлық жұмыстар өзінше ерекше болды. Әрбір қатысушы жеңіске лайық болды және біз олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз. Біз сондай – ақ Alatau Creative Hub-қа осы тамаша іс-шараны өткізу үшін берілген кеңістік үшін алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы Исмаил Нұрислам.
Номинацилар бойынша нәтижелер:
1. Бейнелеу өнері бағыты бойынша номинация: «Үздік сурет»
1 орын – Дулатқызы Еркенұр
Материал ««Көл жағасында»»
2 орын – Темірбекқызы Дениза
Материал «Пионы в вазе»
3 орын – Бекбулат Зейнеп Саадаткызы
Материал «Ай мысығы»
2. Музыкалық шығармашылық бағыты бойынша номинация: «Үздік композиция»
1 орын – Турманов Ислам Нурланулы
Песня «Көк тудың желбірегені»
2 орын – Касымхан Елжас
Песня «Мама»
3 орын – Асылжан Рамазан
Композиция «Игра на Домбре»
3. Сәндік қолданбалы шығармашылық бағыты бойынша номинация: «Үздік қол жұмысы»
1 орын – Санақбай Алмат Дулатұлы
Материал «Конструктор «Города»
2 орын – Бекбатыр Аман
Материал «Выжигание по дереву «Смурфик»
3 орын – Зайникеев Ратмир Сергеевич
Материал «Выжигание по дереву «Казахские орнаменты»»
4. Өлең оқу бағыты бойынша номинация: «Үздік мәнерлеп оқу»
1 орын – Кәкім Ерасыл Тұманбайұлы
Материал «Отан туралы» М.Макатаев
2 орын – Мухамедиева Милана Алановна
Материал «Детство» Иван Бунин
3 орын – Розахунова Айла Азизовна
Материал «Ангел» М.Ю.Лермонтов
5. Хореография бағыты бойынша номинация: «Үздік би өнері»
1 орын – Группа «Стиляги»
Танец с мамами «Стиляги»
2 орын – Ким Дмитрий Александрович
Танец «PSY Gangnam style»
3 орын – Группа «Маленькие дети»
Танец с мамами «Детские сны»