Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

27.05.2024
15:26
0
118
Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.
Алайда, меншік иесі талапты орындамады, осыған байланысты іс сотқа жолданды.
Айта кетейік, былтырдан бері қала бойынша 35 заңсыз нысан бұзылды. Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.2024 жылы 27 наурыз күні Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», — деп хабарлады басқармадан.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды

12.07.2025
16:08
"Бәрінен шаршадым...". Аша Матай күтпеген мәлім...

12.07.2025
15:04
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын төрт адам ...

12.07.2025
13:37
Қарағанды облысында 14 жастағы қыз 36 жастағы е...