Алтынай Жорабаеваның тұңғышы бір елдегі екі ЖОО-дан шақырту алған
798
Әнші Алтынай Жорабаева қызының тағы бір жаңалығын сүйіншіледі. Айтуынша, тұңғышы Аяулым Қытайдың тағы бір университетінен шақырту алған.
Шок болып отырмын. Өткенде BFSU-ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдауы керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU-ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң шешім қабылдамақ. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елші «Екі елдің достығы үшін болашақ ұрпақ жақсы білім алуға тиіс» деп бар көмегін аямады. Не деген бақыт! Недеген қуаныш! – деп жазды әнші.Еске сала кетсек, ол бұған дейін осы тұңғыш қызының тіл меңгерудегі асқан қабілеті туралы жазған болатын.
Аяулым былтыр Қазақ ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Тілге деген қызығушылығы керемет, – деген-ді сонда Алтынай Жорабаева.Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
Соңғы жаңалықтар
17.03.2026
17:19
Мәйіті қоқыстағы сөмкеден табылған: Ақтөбедегі ...
17.03.2026
16:10
Алматыда 7-сынып оқушысының қазасына қатысты ты...
17.03.2026
16:01
Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге ба...
17.03.2026
15:02
Президент жаңа Конституцияға сәйкес адал қызмет...
17.03.2026
14:56
Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қа...
17.03.2026
14:47
Президент парламент сайлауы өтетін мерзімді атады