Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты: Күдікті қамауға алынды
Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиғаға байланысты 39 жастағы ер адам қамауға алынған.
Полиция мәліметінше, бұған дейін марқұм тәртіп сақшысы мен күдікті арасында тұрмыстық жанжал болған. Дау барысында полиция қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. Кейін алған жарақаттарының салдарынан ол көз жұмған.
Қылмысқа күдікті ретінде Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынған.
Белгілі болғандай, қайғылы жағдай болған кезде учаскелік инспектор еңбек демалысында болған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Істің барысы Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...