Анасын өлтірді деп күдікке ілінген жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді
341
16 жастағы жасөспірім күдікті ретінде ұсталған.
БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды,-деп хабарлайды politico.kz
Шыңғырлау өңіріндегі әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Күдікті ретінде әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған."Істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелет жасқа толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге “Кісі өлтіру” бабы бойынша айып тағылған", – делінген сот хабарламасында.Басты сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...