Ангелина Лукас көп сөйлеп, іс жүзінде ештеңе бітірмейді - Назым Қызайбай
703
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай боксшы Ангелина Лукас туралы пікір білдірді, деп хабарлады politico.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ангелина Лукас – істің емес, тек сөздің адамы.
Әркім өз жолын таңдайды. Біреулер жаттығу жасап, нәтиже көрсетіп, ілгері жылжиды, ал біреулер тек көп сөйлеп, іс жүзінде ештеңе бітірмейді. Ангелина да сөйлеген. Ол сұқбаттар беріп, Олимпиадаға қатысқысы келетінін айтқан еді. Оған спаррингтерге қатысу мүмкіндігі берілді, бірақ өзі бас тартты. Менің ойымша, ол жеңіске жетпейтінін түсініп, бас тартты. Егер шынымен де Олимпиадаға барғысы келсе, ол сол жерге барып, өз күшін дәлелдер еді. Бірақ ол жерде ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсінді. Жеті қатысушының әрқайсысы одан мықты еді. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын, - деді Назым Қызайбай.Сондай-ақ ол Ангелина Лукасқа алдағы уақытта кәсіби рингте өнер көрсетіп, шын мәнінде лайықты атақтарды жеңіп алуына тілектестік білдірді. Фото: ҰОК/Сали Сабиров//instagram.com/angelina_lukas1997
Соңғы жаңалықтар
19.03.2026
13:50
«Косякқа тығып кетті»: Куәгер сөзінен айнып, Бо...
19.03.2026
13:24
Жамбыл облысында бас дәрігер ұсталды
19.03.2026
13:22
Қазақстанда XIX ғасырдан бері болмаған ауа райы...
19.03.2026
12:47
"Мені дұшпан көреді": Меруерт Түсіпбаева жан сы...
19.03.2026
12:25
Түркістан облысында 500 теңгеге бола екі ағайын...
19.03.2026
11:59
Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін 5 баланың тағ...