Ақмарал Науатбек — XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы

05.09.2024
21:34
0
180
Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
«Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды. Пара дзюдодан Қазақстан тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған Ақмарал енді міне, ел тарихында дәл осы спорт түрінен Паралимпиадада топ жарған алғашқы спортшы атанып отыр. Ол былтырғы пара Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа таққан еді.
Отандасымыздың бұл жеңісі елімізде пара спортпен айналысатын жандарға үлгі-өнеге болды деп ойлаймын. Ел мерейін өсірген жеңістері үшін алғыс айтамын. Ақмаралға зор денсаулық, бақыт және спортта жаңа жетістіктер тілеймін!», - деді министр.
Айта кетейік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.
Фото: ҰОК
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

17.10.2025
21:31
Тұрсынбектің қызы де өнерге бет бұрмақ

17.10.2025
20:39
Баян Алагөзова денесін көрсетіп, жас қыздармен ...

17.10.2025
20:09
Депутат ажал аузынан адамды алып шықты (ВИДЕО)

17.10.2025
19:46
"Ештеңе кеш емес": 50 жаста келін атанған келін...

17.10.2025
18:51
Прокурор Алика Мұхамадиеваға 4,5 жыл сұрады

17.10.2025
18:46
Мен мамасының баласымын, кесіп алыңдар – актер ...