Семейде екі бала ізім-ғайым жоқ болып кетті
ЖАЛҒАСЫ
-
Семейде жоғалған екі бала аман-есен табылды
19.06.2026, 08:50
Семей қаласында 17 маусым күні кешкі уақытта жоғалып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Үкіртаев пен 8 жастағы Әлихан Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті маңында болған. Осыдан кейін балалардың қайда кеткені белгісіз, әлі күнге дейін анықталған жоқ.
«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағыттама беріліп, олардың жүруі мүмкін орындары тексерілуде, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Полиция семейліктерден балаларды іздеуге көмектесуді сұрады.
Тәртіп сақшылары егер кәмелетке толмағандардың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, дереу 102 нөміріне немесе 8-747-310-67-30 телефонына хабарласуды сұрайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...