«Қиын кезеңнен өтіп жатырмын»: Айым Сейітметова ел арасындағы әңгімеге нүкте қойды

18.06.2026 09:35 Мөлдір ҚАЙНАР
«Қиын кезеңнен өтіп жатырмын»: Айым Сейітметова ел арасындағы әңгімеге нүкте қойды
121
Фото: instagram.com/aiymsm/

Танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова соңғы күндері әлеуметтік желідегі жазбаларымен оқырмандарын алаңдатқан еді. Көпшілік оның отбасылық өмірінде қиындық туындағанын болжап, түрлі пікір айта бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогер алғашында өміріндегі ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтып, бәрін кейінірек түсіндіретінін жазған.

«Қазір маған еңсе түсіруге болмайды. Өйткені жұмысқа қатысты міндеттерім бар, асырайтын балам бар, мені мұндай күйде көріп қиналатын ата-анам бар», – деп жазды ол.

Кейін Айым Сейітметова жаңа жазба жариялап, ел арасында тараған болжамдарға қатысты пікір білдірді.

«Көпшілік болып жатқан жағдайдың менің отбасылық өміріме байланысты екенін түсінген шығар. Қазір заңдық және сот процестері аяқталмайынша, барлық мән-жайды айта алмаймын. Сондықтан тек қиын кезеңнен өтіп жатқанымды білдіріп, жеке шекарама құрметпен қарауды сұрадым», – деді блогер.

Сондай-ақ ол жеке өміріндегі жағдайды жарнама немесе сатылым үшін пайдаланды деген пікірлерді жоққа шығарды.

«Мен ешқашан сатылымды интрига, ажырасу, жанжал немесе отбасылық мәселе арқылы құрған емеспін. Бұл – менің жұмыс істеу тәсілім де, құндылығым да емес», – деп жазды Айым Сейітметова.

Оның жазбасынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында блогердің отбасылық өміріне қатысты түрлі болжамдар айтылып жатыр. Алайда Айым Сейітметова әзірге оқиғаның нақты мән-жайын жариялаған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий