Министр елімізде жаңадан қай автокөлік түрлері шығарылатынын жариялады

0
22

 

Еліміздегі екі қалада автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті.

«Автомобиль жасауда автокөлік құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңмен көшу жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінен 50 пайызға дейін ұлғайту бойынша міндеттемелер тұр. Биылдың өзінде біз шамамен 20 пайызға, келесі жылы – 30 пайызға, ал 2026 жылы 40 пайызға жеткізуге тиіспіз», — деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталып жатыр. Орындықтар өндірісі мен Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салу жобасы жүзеге асырылып отыр. Бұдан басқа, көліктерге арналған пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарланған.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі операциялар Қазақстан аумағында өндірілетін әрбір автомобиль брендінде қамтылады. 2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың автомобиль шығару жоспарланған. Сонымен қатар, өндірілген автомобильдер желісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour (2024 жылы) маркасымен толықтырылып, чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөздер жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, «Astana Motors» компаниялар тобы

2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған өндірістік желіні ұйымдастыру үшін «Changan», «Chery», «Haval» секілді қытайлық танымал брендтерді тартты», — деді министр.


ПІКІР ЖАЗУ