1 қыркүйектен бастап мобильді аударымдар тексеріледі

1 қыркүйектен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
01.09.2025 22:18
0
139

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мобильді аударымдар салық органдарының қатаң бақылауына өтті. Негізгі мақсат – жеке шотын заңсыз кәсіпкерлікке пайдаланатындарды анықтап, көлеңкелі табыстың жолын кесу, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Ережеге сәйкес, егер азаматтың картасына үш ай қатарынан 100-ден астам түрлі адам ақша жіберіп, олардың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, ол салық қызметінің назарына түседі. Ал бір адамнан ай сайын жүз рет ақша түсуі немесе 20-30 адамның бір реттік ірі көлемде қаражат аударуы тексеріс үшін негіз болмайды.

Қайырымдылық немесе той-томалақ кезіндегі сыйлыққа түскен қаржыға салық салынбайды. Дегенмен азамат мұндай қаражаттың кәсіпкерлікке қатысы жоқ екенін құжатпен дәлелдеуі қажет.

Ал егер жеке шот бизнес мақсатында пайдаланылғаны анықталса, алдымен ескерту беріледі. Қайталанған жағдайда 40 АЕК (шамамен 157 мың теңге) айыппұл салынып, міндетті түрде кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге жүктеледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий