Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір немен айналысып жүргені белгілі болды
Актриса Дариға Бадықованың асырап алған қызы Қарашаштың бүгінде немен шұғылданып жүргені жария болды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталы.
Алматыдағы танымал сұлулық салондарының бірі әлеуметтік желідегі парақшасында оның қонаққа келгенін хабарлап, кәсіби мамандықты нөлден бастап үйретуге кіріскендерін мәлімдеген. Бұл жаңалық көптен бері Қарашаштың қайда жүргенін сұрап жүрген желі қолданушыларының арасында қызу талқыланды.
Еске сала кетейік, актрисаның бұрынғы жұбайы Дархан Мұсаев сұхбаттарының бірінде некеде болған кездерінде қыз баланы асырап алғандарын ашық айтқан болатын. Өз кезегінде Дариға Бадықова отбасылық құпияны ашып, кәмелетке толмаған қызға қатысты ақпаратты заңсыз жариялады деп экс-күйеуін сотқа берген еді.
Қазір бойжеткен сұлулық саласында жаңа кәсіп меңгеріп, жеке өмірін осы бағытта жалғастырып жатқан көрінеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...
16.10.2026
13:00
Таиландтан ұшып келген 20 жастағы қазақстандық ...
16.10.2026
12:42
C, D және E санаттарына қай отбасылар жатады: Е...
16.10.2026
12:25
Айбек Смадияровқа аса жауапты қызмет бұйырды