Айбек Смадияровқа аса жауапты қызмет бұйырды

Айбек Смадияровқа аса жауапты қызмет бұйырды
Фото: ашық дереккөз

Президет Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігінің директорлар кеңесіне кірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына сайланды. Тиісті шешімді қоғамның жалғыз акционері 2026 жылы 2 қазанда қабылдаған.

Директорлар кеңесіне тағы кімдер кірді?

Айбек Смадияровпен бірге директорлар кеңесінің құрамына агенттік басқармасының төрайымы Ләззат Танысбай мен Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков те сайланды.

Айбек Смадияров туралы

Ол 1983 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолы:

2005-2006 жылдары – «Қазақстандағы Қытай банкі» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің маманы;

2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы;

2008-2010 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы;

2010-2012 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы;

2012-2013 жылдары – Қазақстан президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы;

2013-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжам комитетінің бірінші хатшысы;

2014-2018 жылдары – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;

2018-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің басшысы – ресми өкілі;

2019-2023 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ресми өкілі;

2023-2025 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі;

2025 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі;

2025 жылдың желтоқсанынан мен 2026 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

2026 жылы 29 қаңтарда Қазақстан президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2026 жылдың 2 қазанында «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу