10 адамды өлтірген “маньякқа” сот үкімі шықты

Украинада 10 адамды қатыгездікпен өлтірген 39 жастағы Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам Украинаның әртүрлі аймағында жүріп 10 адамды өлтірген.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыскер адамдарды 2018 жылдан 2024 жылға дейін өлтіріп келген. Зардап шеккендердің арасында Украина, Литва, Грузия және Өзбекстан азаматтары бар.
Барлық қылмыстар мұқият жоспарланған. Қылмыскер алдымен адамдардың сеніміне кіріп, бірге ішімдік ішуді сылтауратып, содан кейін оларды өлтірген. Құрбандар 35 пен 81 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Қылмыскер әуелі адамдарды тұншығып кейін таспен ұрып өлтірген. Бәрінің телефоны, ақшасы және басқа да заттарын қолды қылып отырған.
Ер адам соңғы рет гүл дүкенінің сатушысын 34 рет пышақтап өлтірген. Оның қылмысы бейнеге түсіп қалған. Қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Жауап алу кезінде оның өзге 9 адамның өліміне қатысы бары анықталды.
Соңғы жаңалықтар





