Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгілі болды

14.10.2026 • 21:29 Қарақат АСЫЛОВА
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгілі болды
243
Фото: ФК “Бёрнли”

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатының 10-туры аясында өткен «Бёрнли» мен «Чарльтон» арасындағы матчқа қатыспау себебі белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Burnley Express журналисі Мэтт Скрафтонның мәліметінше, «Бёрнли» бас бапкері Никки Хайен клуб 18 жастағы футболшының матчқа қатысуына Лондонның «Челси» командасынан рұқсат алмағанын айтқан. Дастан Сәтбаевтың ойын құқығы «Челсиге» тиесілі.

Басылымның жазуынша, бұған қазақстандық шабуылшының жақында жарақатынан айығуы себеп болуы мүмкін. «Челси» басшылығы жас футболшыға түсетін жүктемені шектеп, жарақатының қайта асқыну қаупін азайтуды көздеген болуы ықтимал.

Еске салайық, Дастан Сәтбаев санның артқы бұлшықеті жарақаттанғандықтан шамамен бес апта бойы алаңға шыққан жоқ. Ол 10 қазанда «Уотфордқа» қарсы матчта қайта ойнап, кездесудің 74-минутында алаңға қосылды. Сол ойында «Бёрнли» қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп, Чемпионшиптегі осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Алайда «Чарльтонға» қарсы матчқа дейін Сәтбаевтың қайта оралғанына небәрі үш күн өткен. Осыған байланысты «Челси» футболшының денсаулығын сақтау үшін оған қосымша жүктеме түсірмеуді жөн көрген болуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий