Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды

14.10.2026 • 20:08 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды
230
Ашық дереккөз
Қазақстанда Navai-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында сахналық аты Navai ретінде танымал шетелдік орындаушы ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция мәліметінше, оның көлігін тексеру кезінде есірткі заты табылған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 13 қазанда «Қордай» шекаралық бақылау-өткізу пунктінде болған. Қазақстанға кіру кезінде полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірлесіп, шетелдік азаматты ұстаған.

Автокөлікті тексеру барысында есірткі заты анықталып, тәркіленген. Осы дерек бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік әнші Навай Бакировтің, яғни Navai-дің 14 қазанда Астанада өтуі тиіс концерті техникалық себептерге байланысты тоқтатылған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий