«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал блогер Назар Роллан іздеуге жарияланды

14.10.2026 • 19:17 Қарақат АСЫЛОВА
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал блогер Назар Роллан іздеуге жарияланды
266
Әлеумпттік желіден
Алматыдағы төбелеске қатысы бар блогер шетелден іздестіріліп жатыр

Алматыда арандатушылық сипаттағы видеоларымен танылған 28 жастағы блогер Назар Роллан іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол қаладағы «Льдинка» кафесінде болған төбелеске қатысты іс бойынша күдікті деп танылған.

Бұған дейін блогер қауіпті көлік жүргізу және өзге де құқық бұзушылықтарды көрсететін видеоларымен танылған. Сондай-ақ ол бұрын құқық бұзушылық үшін жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алынғаны хабарланған.

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы «Льдинка» кафесіндегі оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратқа сәйкес, тергеу аясында Назар Ролланнан жауап алу жоспарланғанымен, ол полицияға бармаған.

Кейін блогердің Қазақстаннан кеткені белгілі болған. Оның қазіргі уақытта Таяу Шығыс немесе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде болуы мүмкін екені айтылған. Тергеу әрекеттеріне қатыспауына байланысты ол іздеуге жарияланған.

Айта кетейік, аталған іс бойынша блогердің сүйіктісі де күдіктілер қатарында екені хабарланды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталуы тиіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий