“10 баспананы сатып қонақ үй салған”: Ілияс Сариевтың тағы бір сұмдығы

“10 баспананы сатып қонақ үй салған”: Ілияс Сариевтың тағы бір сұмдығы
19.04.2025 10:10
0
221
видеодан алынған кадр

Түрмеде отырған Ілияс Сариевтың аты тағы бір даулы оқиғаға байланысты аталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ  madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылы жазда ол «Елге көмек бер» қайырымдылық қоры атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылында тұратын 10 мұқтаж адамға тегін баспана берілетінін мәлімдеп, халықтан қайырымдылық ретінде қаржы жинаған. Бұл бастама әлеуметтік желіде кеңінен таралып, бірнеше отбасына үй табысталды деп жарияланғанымен, нақты нәтиже мүлде басқаша болып шықты. Назгүл мен Құндыз есімді екі тұрғын, сондай-ақ олардың сыныптасы, Ілиястан үй аламыз деп үміттенгенімен, екі жыл өтсе де баспаналы болмаған. Тіпті үй сертификатын алған Пернебек есімді азамат та осы күнге дейін уәде етілген үй мен кілтті ала алмай жүргенін айтты. Бұл ғана емес, 2023 жылы тағы бір үй табысталды деп жарияланғанымен, оның да кілті ешкімге берілмеген.

Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, Ілияс Сариев мұқтаж жандарға арналуы тиіс 10 үйді басқа бір азамат – Марсбекке сатып жіберген. Ал бұл сатып алушы бұл үйлердің кімдерге арналатынын білмегенін айтқан. Қазіргі таңда сол үйлердің орнына қонақ үй салынуы мүмкін деген болжам бар. Еске салайық, 2024 жылдың 10 сәуірінде Ілияс Сариев алаяқтық күдігімен екі айға қамауға алынған болатын. Ол бұған дейін бірнеше адамды қажылық сапарына жібереміз деген уәде беріп, орындалмаған қызметті жарнамалағаны үшін ұсталған. Алайда соңғы уақытта оның үстінен арызданушылардың саны күн санап артып келеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий